Темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушілер 2020 жылғы көлік салығын 1-сәуірге дейін төлеуі керек. Сәуірдің басынан салыққа өсімпұл қосылады. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 5900-ден астам көлік жүргізуші өзінің салығын төлемепті. Олардың қарызы 270 млн. теңгеден асып жығылады.