0:00 / 0:00
Астанада «конструктор» яғни елге бөлшектеліп әкелінген көліктердің иелері тағы да бас көтерді. Наразы топ бұл көліктер елге заңсыз әкелінген болса, қалайша кеденнен өтті, салық , айыппұл төленді деп даурықты. Ал жүргізушілердің алдына шыққан әкімшілік полиция өкілі «конструктор» көліктердің заңдастыру мәсеесі бір айдан соң шешіледі деген құрғақ уәдесін айтты. Бірақ шерушілер бұл мәселені сайлауға дейін шешуді талап етіп отыр.
Бұл жерге жүзге жуық адам жиналған. Наразы топтың назын тыңдасаңыз, олар темір тұлпарын сатып алғанда елге бөлшектеліп әкелінгенін білмеген. Дегенмен, автокөлігі үшін салық төлеп, ережені бұзған жағдайда айыппұл өтеп келген. Көліктерін заңдастыруға келгендер көп кедергілерге тап болуда. Бұл жерде тек бөлшектеліп әкелінген көліктер мәселесі ғана емес, қыркүйек айынан кейін шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру қиындап отырғаны да айтылды. Автокөлік иелері бөліп-жармай, елге кірген барлық көлікті заңдастыруға рұқсат берсін деп отыр.
Бұған дейін құзырлы орган өкілдері «Конструктор» деп танылған автокөліктерді заңдастыру кезінде тіркеуге алмайды. Себебі бұл көліктердің ешқандай құжаты жоқ. Бұл көліктер басында шекара арқылы Қазақстанға заңсыз кіргізілген. Сондықтан бұл көліктер тіркеуге жатпайды деген болатын. Бүгінгі айғай-шудан соң конструктор көліктерді тіркеу мәселесін бір айдан соң шешеміз деп отыр.
Алайда наразы топ бұл уәдеге сенбейді. Олар елге кірген көліктерді түгел заңдастыруға рұқсат беру мәселесін 19 наурыз яғни сайлауға дейін шешіп беруді талап етті.
Еске сала кетейік автокөліктерді заңдастыру биыл бірінші шілдеге дейін жүргізіледі. Талап бойынша көлік іздеуде болмауы керек. Көлік 2022-інші жылдың бірінші қыркүйегіне дейін Қазақстан аумағына кіргізілген болуы тиіс. Сондай-ақ қай елде тіркеуде тұрса, сол елден тіркеуден шығуы тиіс, кедендік тексеруден өтуі қажет. Ал, көліктің рөлі қай жақта орналасқаны, жылы маңызды емес. Министрлік бұл соңғы заңдастыру деген еді. Осы науқан аяқталғаннан кейін, арнайы рейд жүргізіледі. Заңдастырылмаған көліктерге айыппұл салынып, айып тұрағына тоғытылады. Ал шулап жүргендердің көліктері не ресейде, грузия, арменияда есепте жоқ.