0:00 / 0:00
Соңғы апталарда шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты дау-дамай қыза түсті. Орал қаласында Абай алаңына шыққан жүргізушілер үкіметтен шетелдік нөмірлі көліктерін қазақстандық тіркеуге тегін қоюды талап етті.Бүгін шетелдік нөмірлі көліктерін тізгіндегін 50-ге жуық көлік иесі Абай алаңына шығып уәждерін жеткізді. Жаңа тәртіптің енгізілуіне автокөлік иелері неге қарсы? Мұны өздерінен сұрап көруді жөн санадық. Тұрғындардың пікірінше, барлық мәселе баға мен сапада болса керек. Олар барлық азаматтардың бірдей Қазақстанда жинақталатын темір тұлпарды сатып алуға қалталары көтермейді, сол себепті жылжымалы мүлікті сырттан алуға тура келеді дейді.Мәселен жаңа тәртіп бойынша облыста 5 шетелдік автокөлік сары нөмір иеленіпті.Дәлірек айтқанда, Ішкі істер министрлігінің жаңа талабы әртүрлі пікірге арқау болды. Бұл тәртіпке сәйкес, Қазақстанға сырттан әкелінген темір тұлпарлар тіркелуі қажет. Бұлай болмаған жағдайда, тіркелмеген көлікті тізгіндеген азаматтарға айыппұл салынып, уақытша тұрақ аумағына қойылады. Жаңа ереже Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты енгізілді.