Орал қаласында бүгін, таңғы сағат бестер шамасында «Мазда» маркілі автокөлік №22 мектеп маңындағы бағанаға соғылған. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік көпірден түсіп келе жатып, жолдың қарсы бөлігіне өтіп кеткен. Соның кесірінен бағанаға соғылып, жолдың қозғалыс бөлігіне құлап түсіпті. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз бөлімі әзірге оқиға бойынша ақпарат беруден бас тартуда. Әзірге мәлім болғаны, көлік жүргізушісі аман. Оқиға орнынан жедел жәрдемге сағат 05.25-те қоңырау шалынған. Бірден жедел жәрдем келіп, қазір жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр. 1986 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша ол жабық бас-ми жарақатын алған әрі миы шайқалған. Сондай-ақ сол жақ кәрі жілігі сынған. Жүргізуші көлікте жалғыз болған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.