Қолда бар көлігін жарата алмай, сергелдеңге түскендер үкіметтен көмек сұрайды. Өздеріңізге мәлім, ресей, армения және грузиядан әкелінген көліктер кезінде елге бөлшектеліп кіргілген соң, заңсыз деп танылып, жүргізішулер біренше рет бас көтерген еді. Кейін бұл іске Президент араласып, шетелдік көліктерге қатысты аталмыш проблема біртіндеп шешімін таба бастағанды. Алайда, белсенділер бұл істі құзырлы органдар толық аяғына жеткізбеді деп отыр. Олардың айтуынша, қазір осындай көлік иелері қолындағы автокөлігін не сата алмай, не сақтандыра алмай сергелдеңге түсті. Тіпті мұндай көлікпен такси қызметін де жүргізе алмауда. Себебі, бұл көліктер «Конструктор» деп танылған автокөліктер.
Жүргізушілердің айтуынша, үкімет қазақстандық олигархтар тобына жеңілдік жасап, бұл салада монополия орнады. Жоғары кедендік баж салығы мен утилизациялық алымды енгізді.Салдарынан қазақстандықтардың шетелден арзан көлік сатып алуға мәжбүр болды. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген көліктерді Қазақстан азаматтары автосақтандыру полисінің негізінде жүргізе алады деп айтылған. Алайда, бұл көліктерге сақтандыру да берілмейді. Ал жүргізушілер енді көлікті жалпы тәртіппен тіркеу немесе оны республикадан тыс жерге шығару жөнінде шешім қабылдауы тиіс. Бірақ қазіргі таңда заңдастыру бағдарламасы аяқталды, барлық мерзімдер өтіп кетті. Сақтандырусыз көлік жүргізгендерге айыппұл қарастырылған.
Ал шетелден әкелінген заңсыз автокөліктердің саны туралы ресми мәлімет жоқ. Белсенді топтың есебінше 250 мыңдай осындай көлік бар.
Қазақстан жолдарында осы уақытқа дейін «конструктор» деп аталатын көліктер сақтандыру полисімен жүрген. Енді мұндай көлікке немесе шетелдік тіркеуде тұрған автомобильге қазақстандық тұрғын сақтандыру рәсімдей алмайды, тек отандық нөмірге қайта тіркеу қажет. Бұл ретте ІІМ екі жол ұсынады – не көлікті бөлшектеп, қосалқы бөлшек ретінде сатыңыз, не оны өндіруші елге шығарыңыз. Бірақ бұл көлік иелерін қыруар шығынға батырады.