БҚО Сырым кедендік бекетінде 113,5 млн теңгенің контрабандалық тауары тәркіленді. Мемлекеттік кірістер департаменті мен ұлттық қауіпсіздік орталығы мамандарының біріккен жұмыстарының нәтижесінде көлеңкелі экономика факторы әшкере болды. Талдаулар нәтижесінде темекіге рұқсат құжаттары мен акциз маркалары болмай шықты. Бұл облыс аумағынан тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз шығарудың алғашқы көрінісі емес екенін атап өту керек. Мәселен үстіміздегі жылы осындай 56 факті тіркелсе оның 6 фактісі заңсыз темекі шығаруға қатысты болған.