Билік көлеңкелі бизнеспен күресу үшін бірқатар шаралар қабылдап келеді. Солардың бірі- 2019-2021 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары. Аталмыш құжатта азық-түлік, киім-кешек пен бау-бақша өнімдерін ешбір мемлекеттік органда тіркемей саудалайтын азаматтар, яғни фирмасы салық комитетінде тіркелмегендер бірыңғай жиынтық төлем төлеуі шарт. Күні бүгінге дейін мамандар саудасын қызырып жүрген саудагерлерді тексерген. Тексеріс барысында 20 адамның заң бұзғаны анықталыпты. Олар әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапқа тартылды. 2020 жылы 1700-ден астам азамат бірыңғай жиынтық төлем төлепті. Биыл бұл көрсеткіш 1600-ге жеткен.