Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОЛ ЖЕТПЕЙТІН БАСПАНА

c 09:55, 18/10 c 31

0:00 / 0:00

«Жетім көрсең жебей жүр» — деген қазақтың дана сөзінде зор мағына жатыр. Алайда, қазір жетімдер саны артып, қорғай алмай отырмыз. Қазақстанда 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар.Ата-анасынан айырылған немесе тастанды атанған бала жетімдер үйіне түсіп тағдыр талқысына тап болады. Жаны жылулық көрмеген, жақынынан қамқорлықты сезінбеген жетім балаларға ең болмаса мемлекет тарапынан қолдау болса. Үкімет жетім балалар үйінің санын азайту мақсатында олардың толыққанды отбасында өсуі үшін асырап алуға жағдай жасап жатырмыз дейді үнемі. Алайда, балалар үйлерінде балаларды отбасында өмір сүруге дайындау жүйесі жоқ, сонымен бірге баланың отбасыға бейімделіп, тұрақты орналасып кетуі бақыланбайды. Депутат Танашеваның келтірген мәліметінде, мемлекет жетім балаларды қолдауға 38,7 млрд теңге бөледі. Бірақ бұл қаражаттың тек 7,5 млрд теңгесі оларды отбасыларға орналастыруға жұмсалады. Алайда, бұл балалар жаңа отбасына үйренісе алмай қайта оралып жатады дейді депутат.

Ал жетімдер үйінен тәрбиеленіп шыққан балалар 18 жасқа келгеннен кейін ары қарай өз күнін өзі көреу керек. Ол үшін ең алдымен баспана қажет. Өкінішке орай, олар мемлекеттен тиесілі сол баспананы да ала алмай жатыр.

Біздің елде баспанаға қол жеткізе амай жүрген жалғыз жетімдер ғана емес. Бүгінде 3 млнға жуық адам үшін баспана арманғ айналған. Депутат Наурыз Сайлаубай үкімет қабылдаған мемлекеттік басапан бағдарламалары халық үшін тиімсіз болып отыр дейді. Елімізде тұрғын үй нарығын дамытуға байланысты сан түрлі жобалар жасағанымызбен кей өңірде соңғы екі жылда бір де бір құрылыс нысаны салынғанбаған. Тіпті жүзеге асып жатқан бағдарлама да жоқ дейді ол. Ал қазір ұсынылып жатқан «Отау» мен «Наурыз» бағдарламалары халық үшін тиімсіз болып тұр.

Халық бұл ипотеканы алса, тапқан табысының 70 пайызын несие төлеуге жаратады. Ал айлығы төмендер үшін бұл бағдарлама мүлдем қолжетімсіз.

Ал алдағы уақытта Отбасы банк арқылы жүзеге асырылатын «9-20-25» бағдарламасына жылына 150 млрд теңге бөлу жоспарланып жатыр. Депутаттар бұл бағдарламаның алғашқы жарнасын 20% пайыздан 10% пайызға азайту керек. Соған байланысты пайыздық мөлшерлемені 8% пайызға төмендету қажет деген талапты алға тартады. Сондай-ақ, көрші Ресейдегідей 2% пайыздық «Дальневосточная ипотека» бағдарламасы сияқты жобаны енгізуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.