0:00 / 0:00
Елдіміздің бас экологы қоршаған ортаға орасан зиянын тигізіп отырған қалдықтарды жою жолдарын атады. Біріншіден ауаны ластап отырған ірі кәсіпорындармен жұмыс жүргізілмек. Ал қоқысты сұрыптауғау шетелден инвестиция тартпақшы. Министр Мырзағалиев егер тиісті шара қабылданбаса, 2030 жылы ластаушы заттардың эмиссиясы 3,6 миллион тоннаға дейін өседі дейді.Бұл жайында бүгін брифингте айтылды.
Қазақстанда қалдықтардың негізгі үлесі Қарағанды мен Павлодар облыстарына тиесілі, шамамен 56 пайызды құрайды. Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәлімдеуінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың қалдықтары 2,5 миллион тоннаны, ал жыл сайынғы өсімі 100 мың тоннаны құрап отыр. Шығыс Қазақстан облысында 50 мың тонна зиянды қалдық ауаға тарап, ластап отыр. Өңірде үш бірдей ірі кәсіпорын жұмыс істейді.
Тұрмыстық қатты қалдықтар да экологияға айтралықтай зиян келтіріп отыр. мәселесін де қозғады. Бүгінде республика аймағындағы 3,5 мың полигонда 120 миллион тоннадан аса тұрмыстық қатты қалдық жиналған. Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам тұрмыстық қалдық түзіледі.Ағымдағы жылдан бастап пластмассаны, картон мен қағаз қалдықтарын, шыныны көмуге тыйым салынды. Алайда өңірлерде тиісті инфрақұрылым болмағандықтан, іске қосылған механизм жүзеге аспай отыр. Енді министр қоқысты сұрыптауға 108 млрд теңгенің инвестициясын тартпақшы.
Сондай-ақ, атмосфералық ауаның сапасы, жерүсті суларының ластануы, кәріздік тазарту кешендерінің тозуы немесе болмауы, тұрмыстық қалдық полигондарының жоқтығы осының бәрі экологиялық ахуалға айналып отыр.