0:00 / 0:00
Елбасы биылғы жылы жолдауында ресурстар мәселесіне байланысты нақты тапсырма жүктеген еді. Әрбір өңір экологиялық жағдайын қолға алып, күл-қоқыспен күресуі шарт. Ақжайық өлкесін қоқыстан тазарту жұмыстарына қан жүгірту үшін арнайы семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында сала мамандары келтірген дерекке сүйенсек, өңірімізде картон, қағаз, пластик пен дөңгелек қабылдайтын орталықтар жұмыс жасап жатыр. Биылғы жылы шаһарымызда қоқыстарды сұрыптайтын 767 контейнер бар. Ал, аудан орталықтарында 317 арнайы жәшік орналасқан. Шаһарымыздағы күл-қоқыс полигонымен финдік компания жұмыстанып жасап жатырғандығы мәлім. 2018-жылдан бастап шетелдік мамандар полигонда қоқысты сұрыптайтын орталық салуды қолға алмақ.
Сала мамандары семинар барысында азаматтар күл-қоқысты сұрыптап үйренбеген. Аталмыш олқылықты жою үшін тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын қолға алып, өскелең ұрпаққа мектеп қабырғасынан бастап, қоқысты сұрыптап үйрету қажет деген пікірлерін ортаға салды.