Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНА АЙНАЛҒАН КӨШЕ ҚАШАН ТАЗАРАДЫ?

c 18:53, 22/09/2023 c 90

0:00 / 0:00

Д.Нұрпейісова мен Лермонтов көшелерінің бойында шағын және орта бизнес қыза түскен. Кәсіп иелері қызыл пайдаға кенеліп жатқанымен зардабын қала тұрғындары тартып отыр. Сауда үйлеріне қарсы көше бойы қоқыс полигонына айналып кеткен. Тұрмыстық қалдықтар азаюдың орнына толығып, аумағы әлдеқайда еселенген. Тұрғындар бұл көшенің қоқыстан тазаланбайтынына аң-таң.

АЛЕКСАНДР БОЛТЕНКО

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

 

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қос көшедегі олқылықты жою мақсатында бірқатар шаралар қабылданғанын хабарлады. Жер телімі мемлекетке тиесілі. Қалалық жер қатынастары бөлімі аукцион арқылы бұл учаскені заңды тұлғаға тапсырмақ. Ал өзгенің қолына өткенге дейін сенбілік ұйымдастырылып, қоқыс полигоны толықтай тазартылады.

ТИМУР ХАРЕС

ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ, ЖК ЖӘНЕ АЖ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Қос көшеден 300 метр жерде қоқыс төгетін орын белгіленген. Алайда бизнес субъектілері бұл орынды алыссынатынға ұқсайды. Фото, бейнетүсірілім жасау арқылы белгіленбеген жерге қоқыс қалдығын қалдырғандардың кімдер анықтауға болады. Көше тазалығына немқұрайлы қарайтындар үшін айыппұл қарастырылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.