0:00 / 0:00
Оралда қоқыс алаңы бірнеше күннен бері өртеніп жатыр. Мамандардың айтуынша өрт осыдан бірнеше күн бұрын басталған. Талап бойынша, қоқыстың бір қабатының үстіне бір қабат инерттік материалдар, мысалы, топырақ төгіліп тұруы тиіс. Мұнда топырақ алынатын арнайы карерь болғанымен кәсіпорынның оны игеріп, таситын мүмкіндігі жоқ. Салдарынан қыс бойы қар астында шіріген қоқыстан арнайы газ бөлініп, ол жылда көктемде өртенеді. Енді бұл мәселе осы маңдағы тұрғындардың бас ауруына айналған. Оны ауыздықтауға қаланың өрт сөндірушілері де қауқарсыз. Қазіргі уақытта 4 камаз, 2 экскаватор мен 1 бульдозер өрті сөндіруге жұмылдырылған. Деседе соңғы күндерде орын алған қолайсыз ауа райы кедрегі келтіруде дейді мамандар. Естеріңізде болса ақпан айында Орал қаласында финдік инвестрлардың бастамасымен өңірімізде тұңғыш рет қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу кешені іске қосылған еді. «Жасыл экономиканы» дамыту аясында өз жұмысын бастаған кәсіпорын қоқыстарды сұрыптауда. Ендігі үміт аталмыш өндіріс ошағының жұмысы жанданып, бұл мәсенің шемі бір жақты етсе.