0:00 / 0:00
БҚО-да көкөніс алқаптары ұлғайтылмақ. Облыс аумағындағы жерлерді тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының көлемін арттыру мақсатында облыс әкімдігі мен аудан әкімдіктері арасында меморандум жасалып, жүзеге асырылуда. Биыл меморандумға сәйкес барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 514 мың гектарды құрауы тиіс. Соның ішінде дәнді дақылдарды 240,6 мың, майлы дақылдарды 76,0 мың, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын 9,4 мың гектар алқапқа егу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммунакациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мәлімдеді.Биыл меморандумға сәйкес барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 514 мың га құрауы тиіс. Соның ішінде дәнді дақылдардың алқабы 240,6 мың га, майлы дақылдарды 76,0 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдарын 9,4 мың га алқапқа егу жоспарлануда. Бүгінде ылғал жинау жұмыстары аяқтала келген. Сала мамандарның айтуынша соңғы күндері орын алған қолайсыз ауа райы егістік алқаптарға ешқандай зиянын келтірмеген. Керісінше ылғалды жеткілікті жинап алуға септігін тигізіпті. Оралда көктемгі-далалық жұмыстар қарқыны ойдағыдай Биылғы маусымда Орал қаласында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 7250 гектар аумаққа дәнді дақылдар егіледі. Орал қаласында көктемгі-далалық жұмыстар басталды. Оған 25 шаруа қожалығы қатысуда.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен 7250 гектар жерге дәнді дақылдар, оның ішінде жаздық бидай 4000 гектар, арпа 2800 гектар, тары 250 гектар, сұлы 100 гектар, ноқат 55 гектар, сонымен қатар 500 гектар майлы дақылдар, 300 гектар мал азықтық дақылдар, 2245 гектар картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ былтыр 2020 жылдың өніміне 1411 гектар күздік дақылдар, оның ішінде 911 гектар күзгі бидай, 500 гектар күздік қара бидай себілген болатын. Күні бүгінге 5200 гектар аумаққа жер жырту жұмыстары атқарылды. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі-далалық жұмыстарға 500 тонна жанар-жағармай бөлініп, «БатысАрна» мекемесі оператор болып бекітілген.