Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көктем мезгілі келіп, бар тіршілік атаулы жаңарғанымен, өзен-көл сеңдерінің еріп, тұрғындармен қатар, іске жауапты сала мамандарын алаңдататыны тағы бар

c 00:00, 02/04/2015 c 986

0:00 / 0:00

Қазіргі уақытта өңір аумағындағы барлық өзен-көлдер қысқы режимде. Мәселен, Жайық өзеніндегі мұздың қалындығы 40-60 см болса, Шаған, Деркөл және кіші өзендердегі мұздың қалыңдығы 50-60 см -ді құрап отыр. Осыған орай, Жайық өзеніндегі көктемгі ең жоғары су басу деңгейі - қауіпті дегенде 850 см -ді, Көшім өзені - 800 см-ді құрайтын болады. Қараөзен мен Сарыөзендер қалыпты деңгейде деп ақпарат таратып отыр - ТЖД. Су тасқыны жағдайларының алдын алуда, өңірлік төтеншеліктермен әуелден-ақ іс-шаралар қатары атқарылып қойылған. Мәселен, осы жылдың 26 ақпаны күні облыстық төтенше жағдайлар комиссияларының отырысы өтті - дейді сала мамандары. Бүгінде саяжай алқаптарын тұрақты мекендейтін азаматтардың жалпы саны - 9700. Осы аталған тұрғындарға саяжайларды су басқан жағдайда, бірінші кезекте орындалар іс шаралар да құлақтандырылып үлгерген. Облыста 25 уақытша орналастыру пункті бар болса, ал қаламызда олардың саны 7-еу. Су тасқынына қарсы іс-шаралар осы қарқында жалғаса бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.