Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИК үй алдындағы көк мұзды тазалайды

c 17:23, 15/01/2019 c 927

0:00 / 0:00

Демалыс күндері жауған жауын-шашын мен боран көптеген азаматтарға өз залалын тигізді. Қазір коммуналдықтар тәулік бойы жұмыс жасап жатыр. Осыған орай, жексенбі күні облыс әкімінің төрағалық етуімен арнайы жиын да өткен. Аталмыш жиында халыққа қолайсыздық тудырмау мақсатында тиісті тапсырмалар да берілген. Тапсырмаға сәйкес бүгінде әрбір пәтер иелері коперативтері өздеріне тиесілі аулаларға еріткіш қосылған құм төсеу жұмыстарын қолға алыпты.

Бүгінгі таңда барлық дерлік пәтер иелері кооперативтері мен комуналдықтар күшейтілген үлгіде жұмыс жасауда. Әрбір кооператив өкілдері подьездің алдына тұз қосылған құм төсеп жатыр. Қолға алынған шараның баршасы кун-райынан туындаған қолайсыздықты жоюды көздейді. Кооператив өкілдерінің сөзінше, биылғы жылы әкімдік қызметкерлері ақысыз түрде көктайғақпен күресу үшін аталмыш қоспаны берген көрінеді.

Сала мамандары қала аумағында 105 пәтер иелері кооперативі бар екендігін айтады. Олардың баршасы өздеріне тиесілі аумақты күтіп ұстап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, көктайғаққа төтеп беріп, шатырдағы қарды тазалауға міндетті. Пик өкілдері аталмыш жүктемелерді орындау ісінде кедергілер көп екендігін алға тартып отыр. Мәселен, аулада тұрған көліктерге байланысты шатырдағы қарды тазалау қиынға соғатын көрінеді.

Сондай-ақ, қала тұрғындары өз ісіне салғырттық танытып, тұрғындардың сөзіне құлақ аспаған пик өкілдері жайлы пікірлері мен ұсыныстарын халықтық бақылауға немесе тұрғын үй коммуналды шаруашылығы бөліміне жолдай алады.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.