Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көкпар сайысы

c 16:50, 29/11/2021 c 1249

0:00 / 0:00

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тай көкпары батыс өлкесінде тұңғыш рет өтіп отыр. Мұнда бақ сынаған балалардың кішісі 9-да, ең үлкені – 13-те. Негізі көкпар додасына 16 жастан бастап қатысады. Дегенмен бұл күні кішкентай палуандар додаға атойлап, тайсалмай кірді. Жарыс алдында арнайы серке сойылып, «Орал» спорт клубының директоры Есқабыл Әбілшақұлы жас шабандоздарға батасын берді. Төрт топқа бөлінген командалар серке мен салым үшін өзара қызу таласқа түсті.Жарыстың мақсаты – балаларға ойынды сезіндіру, ат үстіндегі шеберліктерін шыңдап, тәжірибелерін молайту. Көкпар ойнауға күш, еп, білек пен біліктілік керек, ол екінің бірінің қолынан келмейді. Сондықтан балалардың бұл ойыны жоғары бағаға лайық», деді спорт клубтағы жатты.Үш сағатқа созылған текетірес нәтижесінде «Болашақ» командасы жеңімпаз атанды. «Қыран» екінші, «Арлан» үшінші орынға көтерілді. Салымшы ретінде Сержан Хамит, Айсұлтан Миразат, Мұратқали Арсен, Боранбай Әбдурахман, Айбарыс Миразат ерекше көзге түсті. Жарыс соңында барлық жеңімпаздар арнайы диплом, медальдармен марапатталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.