Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көк тарландарының тарихы

c 17:26, 12/05 c 1

Оралдағы әскери-техникалық мектепте әуе десантшыларының "Даңқ" залы ашылды. Елдегі бірегей мұражайда көк тарландарының тарихынан сыр шертетін жәдігерлер топтастырылған. Іс-шара Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған. Қарулы күштердің құрамындағы десантшылар – ел қорғанының айбыны. Қауіпті сәттерде әуеден жедел шешім қабылдап, кез келген тапсырманы орындауға дайын сарбаздар ерлік пен ептіліктің жарқын символына айналған. Салтанатты шара барысында жастардың отаншылдық рухын оятуға бағытталған бірлестіктің тарихы кеңінен баяндалды. Іс-шарада күштік құрылым қызметкерлеріне Қорғаныс министрлігі мен облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды.Шара барысында десантшылар қатарында айрықша қолтаңбасын қалдырған жерлесіміз – марқұм Уәли Ермановтың ерлігі мен еңбегі ерекше аталып өтті. Оның туыстары батыр туралы естеліктерімен бөлісіп, көрермендерді толғандырды. Мұражайда десантшылар пайдаланған қару-жарақтар мен әскери жабдықтар, сондай-ақ тарихи құжаттар мен фотосуреттер ұсынылды. Ең басты жәдігерлердің бірі – түрлі үлгідегі парашюттер болды. Барлығы 300-ге жуық экспонат келушілер назарына қойылды. Шараға қатысқан еңбек ардагерлері жастарға рухы биік, Отанын сүйетін азамат болудың маңызын айтты.Ұйымдастырушылар мұражай қорын жыл сайын жаңа жәдігерлермен толықтырып отыруды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.