0:00 / 0:00
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Етті-майлы және етті-жүнді бағыттағы қой тұқымдарын бонитировкалау» тақырыбында семинар өтті. Бұл іс-шараны – Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы мен Жәңгір хан университеті арасындағы келісімшартқа сәйкес «AGROTECH HUB» жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Семинар барысында отандық қой шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағы жайында сөз қозғалды.
Семинар жұмысына Батыс Қазақстан облысымен қатар, Ақтөбе және Атырау өңірлеріндегі шаруа қожалықтарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы аграрлық университеттердің қой шаруашылығы саласы мамандары қатысты. Олар өздерінің көкейіндегі сауалдарын сала мамандарына жолдап, тұшымды жауаптар алды. Оған қоса білім ордасындағы ветеринарлық клиникада Ақжайық және Еділбай тұқымды қойларға бағалау жүргізу тәсілдері түсіндірілді.
Шаруа иелері семинардан алған дағдылар мен озық тәжірибені енді өзімізде жүзеге асырамыз деп бекініп отыр. Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.