"ГазТрансАймақ" компаниясы көгілдір отынның бағасын қымбатқысы келеді. Осы сауалды талқылау мақсатында құзырлы мекеме мамандары, қала тұрғындарымен бірге қоғамдық кеңес ұйымдастырды. Шара барысында газды тұтынушыға тасымалдайтын компания бұқара халықтың алдында есеп беріп, не себепті бағаны өсіретіндіктерін жіпке тізген еді. Ал, қоғамдық кеңеске қатынасқан бұқара халық компанияның ұсынған жобасына қарсы екендіктерін жеткізді.