Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көгілдір отынмен қамтамасыз ету ісі жалғаспақ

c 18:17, 10/04/2018 c 845

0:00 / 0:00

Өңіріміздің ауыл-аймақтары мен облыс ортылығын көгілдір отынмен қамтасыз ету үшін жергілікті және республикалық бюджеттен 3,425 млрд теңге бөлініпті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгін 4 мыңға жуық азамат көгілдір отынды пайданалып отыр. Биылғы жылы барша ауыл-аймақтарды газбен қамтамасыз ету үшін 1,464 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде есеп берген энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы мәлімдеді.

Ауылдарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету ісі биылғы жылы да күн тәртібінен түспек емес. Мәселен, 2017 жылы өңіріміздің ауыл-аймақтарын газбен қамтамасыз ету үшін қыруар қаржы бөлінді. Нәтижесінде 2017 жылы облыс тұрғындарының 94 пайызы, ал ауылдық жерде өмір сүретін азаматтардың 87 пайызы газбен қамтамасыз етілген.

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының іске асуы үшін 9 жоба қолға алынған болатын. Ол үшін бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді. Аталмыш жобалардың сегізі ауылдық жерлердегі су құбырын қайта жөндеу және бір жоба Ақсай қаласында орналасқан жылумен қамтамасыз ететін жүйенің қайта жөнделуін көздейді.

Өңірлік коммуникация алаңында есеп берген энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының басшысы жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтті ,- дейді. Өңіріміздегі барлық әлеуметтік нысандардың баршасы қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етіліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.