Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көліктерді бақылау

c 16:55, 11/10/2019 c 678

0:00 / 0:00

Оралдағы қоғамдық көліктер бір күнде 162 рет жол ережесін бұзған. Бұл туралы БҚО ПД мамандары мәлімдеді. Аталған олқылықтардың алдын алу мақсатында облыста республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Облыста кешеден бастап жолдарда ішкі істер органдары берген функцияларға сәйкес автобус және таксидің жолаушыларды тасымалдау кезінде талаптарды сақтауына бақылау күшейтілді. Полиция қызметкерлері мен төтеншеліктер қоғамдық көліктерді соңғы аялдамалардан күтіп алып қадағалау шараларын өткізді. Құқық қорғау өкілдері рейс алдында жүргізушіні медициналық тексеру, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауына ерекше мән берсе, төтеншеліктер көліктің тасымалданушылар үшін қауіпсіздігіне баса назар аударды.  Жүргізушілерінің жол үстінде телефон қолданғаны үшін 36 әкімшілік материал, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 1 жүргізушіге әкімшілік материал, маневрлеу ережесін бұзғаны үшін 40 әкімшілік материал толтырылса, 12 жүргізуші техникалық бақылаудан өтпеген көлікті басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кетейік, жедел шара қазанның 17-сі аяқталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.