Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық көліктер жаңартылады

c 17:25, 18/05/2021 c 671

Биыл қоғамдық көліктер мен автобус парктерін жаңартуға қомақты қаражат бөлініп отыр. Бұл туралы тұрғын үй коммунадық шаруашылық бөлімінің мамандары мәлімдеді. Айта кеткен жөн соңғы жылдары қоғамдық қатынас құралдарына қатысты шағымдар жиі айтылуда.Шағымдардың көбі қоғамдық көліктердегі санитарлық нормалардың сақталмауы мен қызмет көрсету уақытының ұзақтығына қатысты. Коммуналдықтар қызмет көрсетуші кәсіпорындарға мемлекеттен демеу қаржы 2017 жылдан бері төлене бастағанын айтады. Ол кезде 34 млн теңге бөлініпті. 2018 жылы - 190, 2019 жылы-320, былтыр субсидиялар көлемі жарты миллиардты құраған. Ал биыл кәсіпкерлер палатасы осы қызметпен шұғылданушы кәсіпорындарға 1 млрд. тегеден аса қаражат қарастырып отыр. БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотовтың айтуынша, соңғы екі жылда пандемияға байланысты дағдарыс көптеген кәсіпорындарды шығынға шаш етектен батырды. Мемлекет тарапынан қолдаулар дер кезінде көрсетіліп жатқанына қарамастан әлі де болса қызметі тұралап тұрғандар да бар. Осы орайда биыл жолаушылар тасымалы қауымдастығы өкілдері салаға қаражат ауадай қажет екенін құзырлы мекемелерге жеткізген. Айта кеткен жөн, бөлінген қаражат автобустар паркін жаңартуға және қосымша қоғамдық көліктер сатып алуға жұмсалатын болады. Биыл жер қойнауын пайдаланушылар есебінен ондаған су жаңа автобус алынады деп жоспарланып отыр. Сала мамандарының берген мәліметіне сүйенер болсақ, алдағы уақытта жолақы бағасы қымбаттамайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.