0:00 / 0:00
Орал қаласында қоғамдық көліктер жолағы жұмысын бастады. Жаңашылдық автобус жүргізушілері үшін өте тиімді. Естеріңізге сала кетеміз арнайы жолақты жедел жәрдем қызметі мен төтеншеліктер және полиция қызметі пайдалана алады. Қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақ Назарбаев даңғылы және Мәншүк Мәметова көшесінен Жұбан Молдағалиев көшесіне дейін жабдықталған. Аталмыш жаңа жоба жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін жасалғанын атап өкен жөн. Қалада өліммен аяқталған жол апаттар саны 41% - ға өсті. Қазір атқарушы органдар ЖКО алдын алу бойынша шараларды қабылдауда. Бұл Назарбаев даңғылының бойы. Арнайы автобус жолағы арқылы қозғалыс қызған. Осы орайда Юбейлейная аялдамасының тұсындағы жеңіл көліктер тұрағы алынып тасталған. Бұл жаңашылдық қалалықтарға таңсық көрінуде. Қоғамдық көліктер қозғалысына арналған жолақты пайдаланғандар үш айлық есептік көрсеткіште айппұл төлеу жазасын арқалайтын болады. Ал Евразия даңғылы бойындағы арнайы жолақ алдағы жылдан бастап пайдалануға берілетін болады.