Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоғамдық кеңес отырысы

c 18:37, 23/09/2021 c 1935

0:00 / 0:00

"Нұр Отан" партиясының кезекті қоғамдық кеңесі өтті. Жиында денсаулық сақтау басқармасы басшысы Гүлнәр Абдрахманова есеп берді.

"Нұр Отан" партиясының сайлау алды бағдарламасының орындалу барысын партияның қоғамдық кеңесі жіті бақылауда ұстайды.

Партияның қоғамдық кеңесінде денсаулық сақтау басқармасының атқарған жұмысы тыңдалды. Басқарма басшысының орынбасары өткен жылдары сатып алған құрылғыларын жіпке тізіп, жедел жәрдем көліктері туралы айтып берді. Қазіргі таңда туберкулезға қарсы диспансерде жөндеу жұмыстары аяқтала келіпті. Былтыр 30 жедел жәрдем реамобиль сатып алған. Өткен жылы 259 млн. теңгеге УДЗ мен 17 өкпені жасанды тыныстандыру құрылғылары алыныпты. Бұл үшін 264 млн. теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған.

Жиын барысында бұқараны толғандырған міндетті әлеуметтік медициналық қорға аударылған ақша мен көрсетілетін қызмет туралы сұрақтар жолданып, жауапты маман депутаттардың сауалдарына жауап берді.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.