0:00 / 0:00
БҚО-да 14 қоғамдық кеңес құрамында 372 адам жұмыс жасап жатыр. Аймақ әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес әлеуметтік мәселелерді шешуге, халық үшін маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға өз үндерін қосып келеді. Кеңес төрағасы Ербол Салықовтың айтуынша, бұл жұмыстың сапасын көтеру үшін тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін жинайтын арнайы жәшік орнатылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі жанындағы брифинг барысында айтылды. Кездесуде ауыл-аймақтардың енді өз бюджетінің болуы сынды жаңашылдықтың жүзеге асуын бақылау мәселесі тілшілерді толғандырған сұрақтың бірі болды.
БҚО-дағы 14 қоғамдық кеңестің 12-сі аудандық жерде жұмыс жасаса, біреу қалалық, біреуі облыстық әкімдік жанында қызмет көрсетеді. Жалпы құрам 372 түрі саланың майталманынан құраған. Аудандық бюджеттердің өздеріне бөлінуінен кейін, оның тиімді жұмсалу мәселесі кеңес назарына алынып, бақыланбақ екен.
Қоғамдық кеңестер халықтың көбірек пікірін білу, қоғамдық ұйымдардың ұсынысын ескеру бағытында құрылды. Бірақ өткір мәселені нысанаға алып, шешу үшін кеңес мүшелерінің де, оларды қолдаушы тұрғындардың да белсенділігі аса қажет.
Қоғамдық кеңес алдына баспана сұрап келетін адамдар саны артып келеді. Сонымен өткен жылы қоғамдық кеңестің 5 отырысы өткен. Онда "Нұрлы жол" бағдарламасы, жол жөндеу, бағаның өсуі сынды мәселелер қаралыпты. Сонымен брифинг барысында былтырғы жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды.