Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" Батыс Қазақстан облыстық коалициясы еліміздегі соңғы саяси жаңалықтарды талқылап, өткенді саралау үшін арнайы бас қосты. Түрлі саяси партия өкілдері бас қосқан жиында сөз алған Серік Сүлеймен Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің дамуы үшін атқарған еңбектерін жіпке тізіп, жаңадан тәуелсіздік алған Қазақстанның жағдайын баяндады. Сондай-ақ, түрлі саяси партия өкілдері Елордамыз Астананың атауын өзгерту туралы шешімді қолдап, үндеуге байланысты пікірлерін ортаға салды.