Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КНС-19А СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МҮШКІЛ МЕ?

c 17:48, 10/03/2023 c 110

0:00 / 0:00

КНС-19А станциясының жұмысына қатысты жағдай өткен жылдың күзінде орын алған болатын. Жүргізушілердің айтуынша, аталған мәселеге қайта тап болып отыр. «Бір айдан бері жөнді жұмыс жасамаған станцияның жағдайы шын мәнінде мүшкіл ме? Әлде жауапты мекеменің кезекті лажы ма?»- дейді ассенизатор көлігінің иелері. Биыл қызмет үшін ұсынылатын баға шарықтады. Ал Зашаған кентіне қатынау жүргізушілердің қалтасына артық салмақ салатын көрінеді.

«Батыс су арнасы» ЖШС басшылығының мәлімдеуінше, КНС-19А станциясы апатты жағдайда жұмыс жасап келген. Қазіргі күні реконструкциядан кейін станцияда жаңа сорғы құрылғы орнатылуда. Әрі көлік жүргізушілері бұл жұмыстан хабардар болған. Алайда, жауапты мекеме өкілдері жүргізушілер жолдың шалғайлығын сылтауратып, шағымдануды әдетке айналдырып отыр» дейді. Әнуар Әркенов нәжіс төгу станциясының болашақта бұл аумақтан көшірілетінін мәлімдеді.

Жыл басында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен өткен облыстық қоғамдық кеңес отырысында кәріз желілерінің жағдайы талқыланған еді. Қаладағы станцияларды жөндеуден өткізу мәселесі назарға алынған-ды. Тіпті бюджеттен ауқымды қаражат та бөлінген. Олай болса, жауапты мекемелердің жұмысын сынға алмай, қолдан келсе, қоныштан басқан дұрыс.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.