0:00 / 0:00
Облыс орталығында жұлын бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан Фатима Асқардың еміне қаражат жинау мақсатында жәрмеңке өтті. Қадыр Мырза Әли ескерткішінің алдында өткен қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер мен волонтерлер атсалысты.
Орал қаласында кішкентай Фатиманы қолдау үшін жергілікті кәсіпорындардың жасаған өнімдері саудаланған жәрмеңке өтті. Қайырымдылық шарасын Ақжайықтың волонтерлары ұйымдастырды.
Қазіргі таңда бір жасар Фатима өмір үшін күресіп жатыр. Дәрігерлер түрлі сараптама жасап, кішкентай сәбиге жұлын бұлшық етінің атрофиясы деген диагноз қойған. Сирек кездесетін сырқатқа шалдыққан бүлдіршінге Золгенсма деген дәрі шипа болмақ. Бір дәрінің бағасы теңгеге шаққанда 1 млрд тұрады. Көпбалалы отбасы мұндай сомманы атымтай жомарт жандарсыз жинай алмайтыны белгілі. Қазіргі таңда 159 млн теңгедей қаражат жиналыпты. Енді ем-дом алу үшін 840 млн теңгедей қаржы керек.
Жаңа жыл қарсаңында сіз де құрметті көрермен сәбиге өмір сыйлайтын мүмкіндікке иесіз. Қолыңыздағы қаражатты қайырымдылыққа аударып, жақсылық жасауға атсалыңыз! Млрдттаған қаржыны тез жинауға көмек берейік! Фатимаға арналған жаңа жылдық сыйлығыңызды 8-707-758-71-94 нөміріне жіберуге болады.