Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КІШКЕНТАЙ ФАТИМА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ

c 17:35, 02/09/2021 c 758

0:00 / 0:00

9 айлық Фатима көпшіліктің көмегіне мұқтаж. Кішкентай сәби сирек кездесетін жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген сырқатқа шалдыққан. Бұл індетке құны 1 млрд. теңге болатын Американың золгенсма деген дәрісі ем болмақ. Қыруар қаржыны көпбалалы. әрі екі бірдей баласында мүгедектігі бар жас отбасы жинай алмайтыны белгілі. Олар жомарт жандардан көмек сұрайды.

Кішкентай тоғыз айлық Фатима сирек кездесетін жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген сырқатқа шалдыққан. Дертінің емі бар. Бірақ оның құны теңгемен шаққанда 1 млрд.ты құрайды.

Қазір Фатиманың жағдайы ауыр. Түнімен өкпені жасанды желдету аппаратымен демалады.

Кішкентай Фатима дүниеге келгеннен невропотологтың есебінде тұр. Оның өмірін сақтап қалу үшін арнайы "Нусинерсон" дәрісін жергілікті бюджет есебінен сатып алуға өтініш берген. Фатиманың өмірін ұзартып, демалуын тұрақтандыратын препарат тегін дәрі-дәрмектің тізіміне енбеген.

Тоғыз айлық Фатиманың өміріне араша түсе аласыздар!. Кішкентай бүлдіршіннің ата-анасы бауыр еті баласының дерттен құлан таза айығып, жүгіріп ойнағанын көруді армандайды. Көмек қолын созам деген жандар экранда көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, банк шоттарына ақша аудара алады..

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.