Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қирандының астында қалудан қорқады

c 14:32, 23/04/2018 c 645

0:00 / 0:00

Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан депо көпірінің маңындағы екі қабатты үйдің тұрғындары қирандының астында қалудан қорқады. Жұртшылықтың айтуынша, көпір құрылысы барысында туындайтын сілкініс салдарынан бүгінде үйдің қабырғасы сөгіле бастаған. Ал ,ғимараттың бой көтергеніне 70 жылдан астам уақыт өткен. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының мамандары құрылыстың баспанаға еш әсерін тигізбейтіндігін алға тартады.

Депо маңындағы жолөткелдің құрылысы былтырғы жылдың наурызында басталды. Сол кезден бері Құрманғалиев көшесі ½ мекенжайы бойынша орналасқан баспананың тұрғындары тыныштық дегенді ұмыттық деп отыр. Жұртшылықтың айтуынша, арнайы техника күні бойы гүрілдеп тұрады, соның салдарынан болған діріл тіпті пәтер ішінен де сезіледі. Қазір қабырғалар мен төбе сөгіліп жатыр, ал бұрыннан бар сызаттар бірден-бірге үлкейіп барады.Баспана подьезді де жөндеуді қажет етеді. Бірақ, тұрғындар ескірген үйге тіпті жөндеу жұмыстарының да көмектеспейтінін айтады. Тұрғындардың басты мақсаты - бұл баспананы апатты үйлер қатарына енгізгілері келеді. Осылайша олар жаңа пәтер алуды да жоспарлайды. Алайда қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары құрылыстың үйге еш әсері жоқтығын айтады. Десе де, келесі болып құрылысы қолға алынар мұнай базасы шағынауданындағы көпірдің қайта құрылысы басқа әдіспен салынбақ.
Айта кетелік, бүгінде 1500ға тарта оралдық апатты деп таңылған үйлерде тұрып жатыр.

Автор:
Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.