Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Киноиндустрия күйреу үстінде тұр

c 17:30, 30/09/2020 c 908

0:00 / 0:00

Қазақстандық кинотеатр қожайындары кәсібіміз күйреудің алдында тұр деп дабыл қақты. Көктемде короновирус кесірінен есіктері кілттенген кинотеатрлар әлі сол күйі құлыптаулы тұр. Қатаң карнатин талаптарын бас санитарлар бірте-бірте босаңсытып, жеңілдетіп жатырғанымен кинотеатрларды мүлдем ұмыт қалдырғандай. Соның салдарынан бір жылдық табыстарынан айырылған кинотеатр қожайындары өз жағдайларын айтып, қайта-қайта жоғарыға арызданып жатыр.

Күллі әлемді әбірге салған коронавирус індеті тасы өрге домалап, күркіреп тұрған кәсіпкерлерді де діңкелетті. Солардың бірі кинотеатрлар иелері. Күнінде күндіз-түні кинозалдары кісіден босамай, таңға дейін дамылсыз жұмыс жасайтын жүздеген кинотеатрлар бір-ақ күнде жабылып, алты ай бойына жабық тұрған соң айналғанда қожайындары тақырға отыруға қалдық деп дабыл қағып жатыр.
Біз қазір жоғалтқан табысымызды есептеуден қалдық. Жер сипап қалғанымызешкімге де жасырын емес. Ал қызметкерлеріміздің жартысы өз жөндерімен кетсе, жартысы әлі үміттерін үзбей күтіп отыр. Олардың бәрі бір тиын да табыс тауып отырған жоқ. Мемлекеттен де көмек жоқ,-дейді Алматы қаласындағы кинотеатр директоры Юлия Вебер.
Індеттің беті қайтып карантин талаптары күнбе-күн жеңілдетіліп жатырғанмен бұған кинотеатрлар ілінбей отыр. Бас санитарлар бұған себеп кинотеатрға кісі өте көп жиналатындықтан індеттің таралу ошағына айналып кетуі мүмкін деп үрейленеді. Ал кинотеатр иелері болса, жұмыс жасауға рұқсат жасалса, барлық санитарлық талаптарды сақтап, кинозалдарды аз көрерменмен де шектеуге шамамыз келеді деп шарасыздықтарын білдірді. Нұрсұлтан қаласындағы Кинотеатр желісінің коммерциялық директоры Дмитрий Кириенко: "Киноиндустрия, киноөндіріс, кинопродакшн, кинокөрсетілім, кинотеатр саласы бәрі күйреудің алдында. Бұның бәрі 20 мың адамның тағдырына өз зардабын тигізуде. Біз енді кімннен көмек күтерімізді, мемлекеттен қандай мүмкіндік жасалатынын да білмейміз. Бізге нақты қашан кинотеатрлар жұмысына кірісетінін айтқаны керек,"-дейді.
Коронавирус тек біздің емес іргеміздегі көршілес Ресейдің де кино саласына оңай соқпаған. Сала мамандары егер індеттің екінші толқыны басталса, кинотеатрлардың жартысына жуығы күйрейтінін тілге тиек етті. "Біздің есебімізше бір айда бір кинотеатрдың өзі 700 мыңнан 1 миллион рублге дейін табыс түсірсе, сонда өзіңіз есептей беріңіз жарты жылда бір кинотеатр 5 миллион теңге табысын жоғалтып отыр. Ал жалпы елдің киноиндустриясы бүгінгі таңда 50 млрд рубл кірістен қағылды. Міне осындай соққы үстінде ештеңе істей алмай отырмыз",- дейді РФ "Кинотеатр иелері ассоциациясының" төрағасы Олег Березин Міне, көктемеден бері көрермен көрмеген кинотеатрлар иелері бүгінде күйреудің алдында тұрмыз деп зар илеп жүр. Ал жауапты орындар олардың қашан жұмысын бастайтыны туралы жауап беруге әзірге үнсіз.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.