Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кімге тиімді ?

c 16:23, 03/06/2020 c 503

0:00 / 0:00

Бұған дейін көлік жүргізушілері темір тұлпарларын тіркеу үшін миллиондап төлеу керек еді. Оның жартысы утилизация алымы, жартысы бастапқы жарна. Енді жаңа қаулы бойынша қомақты соманың орнына 12-мың теңге төлесеңіз жетеді. Анығырақ айтар болсақ, тіркеуге алу үшін 3-ақ құжат қажет. Ол – жеке басын куәландыратын құжат, төлемдер түбіртегі мен көлігін аударуға нотариус арқылы расталған техникалық төлқұжат.
ЛУИЗА ҚҰСАЙЫНОВА Орал қ. мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы:

"Бұл ретте, бірнеше шектеу бар екенін атап өткім келеді. Мәселен, тіркеуге биылғы 1-ші ақпанға дейін ел аумағына әкелінген көліктер ғана алынады. Одан кейінгілер уақытша тіркеуге қойылмайды. Бұдан басқа, рулі сол жақтағы көліктер де тіркелетін болады. Ал мемлекеттік нөмірлер мен техпаспорттар тіркеу уақыты аяқталғанша немесе көлік толық тозғанша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сақталмақ. Жаңа мемлекеттік нөмірді алғысы келетін жүргізушілерге кешкі 8-ге дейін қызмет көрсетеміз".

Демек, 1 ақпанға дейінгі кіргізілген көліктер осы жаздың үш айында сары нөмір тағып үлгеруі тиіс. Алайда машинаны өзгегі сыйлауға, я болмаса сатуға болмайды. Яғни, тұлпарыңыз тозып, шашылып қалғанша айдайсыз. БҚО-сында 1280 автокөлік Армения елінен әкелінген. Солардың тек 18-і ғана жаңа нөмір алыпты. ІІМ айтуынша, 1-ші маусымда басталған тіркеу жұмыстарының арқасында енді жол көлік оқиғасы кезінде орнын тастап кететін шетелдік көліктерді табу оңайға түседі дейді.
Не десекте, көлік жүргізушілерінің басым бөлігі бұл нөмірлеудің ғұмырлы болатына сенбейді. Өйткені олар үкімет қаулысындағы уақытша деген сөзге секеммен қарайды.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.