0:00 / 0:00
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда киіктердің саны 2 миллионға жеткен. Фермерлер жабайы киіктердің шабындықты таптап, егінінді жайпап кеткеніне жиі шағымданды. Ауыл шаруашылығы Мәтін. Өткен жылдары киіктер Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО-да шамамен 122 мың га егіс алқаптарын таптап, 12 млрд теңгеден астам зиян келтірген. Шығынға батқан шаруалар киіктен зардап шегіп жатырмыз деп шағымданға болатын. Осыларды ескере келе былтыр ақбөкен санын реттеу үшін, оларды атуға рұқсат берілді. Тіпті, киік етін қайта өңдеу қолға алынып, қалбырға салынған еті сатылымға шығарылған болатын. Көктемгі су тасқыны кезінде Қостанай өңіріне сапарында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киікті атуға тиым салған болатын. Ал ақбөкендердің көбеюінен зардап шеккен диқандардың шығыны өтеле ме деген сұрақ туындайды. Ауыл шаруашылық вице-министрі Бердалин шаруалардың егістігі киіктердің таптауынан зардап шеккенін зерттейтін методика жоқ деп отыр. Сондықтан өтемақы төленбеуі де мүмкін. Яғни жоғарыда айтылғандай шаруаларға киіктің кесірі тиді ме деген сұрақ туындайды.
Қыс кезінде елде 2,5 млн бас киік болды. Қазір олардың саны белгісіз, себебі киіктер лақтап жатыр.
Бұған дейін экология министрі Ерлан Нысанбаев 2025 жылы елімізді мекендеген киік саны 4,5 миллионнан асып кетеді дегенді.