Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

КИІКТІ АУЛАЙ МА? АТА МА?

c 13:25, 16/04 c 1

Соңғы жылдары елдегі киіктердің саны артып, шаруалар тарапынан шағымдар көбейді. Әсіресе батыс өңіріне келіп жатқан миллиондаған киік егіс алқабын, шабындықтарды таптап кетіп жатыр деген диқандардың жанайқайын жиі еститін болдық.Олар үкіметтен киік санын реттеуді сұрап отыр. Ал Экология министрі Ерлан Нысанбаев киікті реттеуге қатысты ғалымдардың шешімі келесі апта қабылданатынын айтты. Яғни ақбөкендерді ата ма, аулай ма? Әзірге белгісіз. Өздеріңізге мәлім, Президент киікті атуға шектеу қойғанды. Енді дала еркесінің саны 4 миллионнан асып отырғанда оны реттеу тағы қолға алынбақ.

Қазақстанда киік етін тағам ретінде тұтынуға рұқсат етілген, алайда арнайы шектеулер бар. Бұл үрдіс 2023 жылы қолға алынған болатын. Тіпті киік етін консервілеп сатуға да шығарды.

Алайда, киік аулап тек мүйізін кесіп алып, өлексесі далада шіріп жатқан жәйіттер де жоқ емес. Киік санын реттеу қолға алынғанда, оның мүйізін де кәдеге жарату жүзеге асуы мүмкін.

Ал киіктен зардап шегіп жатқан шаруаларға алқаптарын қоршау құралдарына субсидиялар беру, залалды өтеу әдістемесін әзірлеу қарастырылуда. Сондай-ақ, киік қозғалысын дәліздерімен үйлестіріп, жайылымдарды басқару көзделген.Мамандар киік санын реттеудің тағы бір жолы ретінде отандық және халықаралық спорттық, әуесқойлық және трофейлік аулауды ұйымдастыруды ұсынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.