Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Киіктер резерваты құрылады

c 17:29, 19/05/2021 c 875

0:00 / 0:00

Киіктердің көші-қоны мәселесін шешу бойынша жұмыс тобы шұғыл іске кірісуі керек. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Экология министрі БҚО-на сапары барысында ғалымдармен, экологтармен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, мәселені шешу жолдарын талқылады.Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғап, оның популияциясын сақтап қалу үшін Президент тапсырмасымен облыста «Бөкей ордасы» табиғи мемлекеттік резерваты құрылады. Естеріңізге сала кетеміз, бұған дейін аудандағы шаруалар шабындық жерлерді таптап тастаған киіктер мәселесін тез арада шешу қажеттігін бірнеше мәрте аудан және облыс әкімдерінің есебінде көтеріліп, бұл проблема министрлікке дейін жетті. Осы орайда облысқа іс сапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Бөкейордасы ауданының қожалық иелерімен кездесіп, мәселені шешу жолдарын айтты. Онда шаруалар қамқорлыққа алынған бөкендердің санының күрт өсуі жайылымдық жерлердегі көк шалғынды таптап, салдарынан бірнеше жылдан бері мал азығын жинауда мәселе туындағанын тілге тиек етті. Бұл мәселенің шешу жолы - киіктердің көші-қонын реттеу. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында үш министрлік пен халықаралық ұйым өкілдері, ғалымдар мен шаруалар бар. 650 мың гектардан асатын резерват 4 аудан аумағын қамтиды. Жануарлар жайылымын сақтау үшін Орал популяциясының бір бөлігін Жайықтың оң жағалауына өткізеді.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы - еліміздегі киіктер ең көп шоғырланған өңір. 2019 жылғы санақ бойынша облыс аумағында 217 мың бас киік болған. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты санақ жүрген жоқ. Естеріңізге сала кетеміз бұдан бұрынғы хабарымызда 400-ге жуық киік қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып қалғанын хабарлаған едік. Бұл бағытта нақты себептерді анықтау үшін зерттеу шаралары жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.