Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Киіктер қырылып жатыр

c 18:02, 22/09/2021 c 1869

Бөкей ордасы ауданы аумағында киіктердің өлексесі тым көбейіп кеткен. Шаруалар ауру тарап, малға жұғады деп алаңдаулы. Популяциясы артқан бөкеннің санын жуық арада реттеу керек деген аудан тұрғындары резерваттың тезірек құрылғанын қалайды. Бұл тұрғындар желіге таратқан видеолар. Өздеріңіз көріп тұрғандай сайын даланың сұлуы аталып кеткен ақ бөкендер белгісіз жағдайда қырылып жатыр. Сала мамандары мұны табиғи фактор дегенімен, Бөкейліктер өлекседен де аяқ алып жүргісіз дейді.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, өткен жылы қырылған бөкендердің төшкелеріне кененің жайылып кеткені анықталған. Тіпті олар үй жануарларына жұғып, мал иелері өз қаражаттарына улау жұмыстарын жүргізіпті. Мал азығының аздығынан былтыр көтерем болған төрт түліктерінен айрылған олар бұл мәселе тағы да ушығып кете ме деп алаңдайды. Қазір Бөкейде миллионға жуық киік басы бар көрінеді.Мамандар бөкендердің өлуін табиғи құбылыс деп отыр. Қазір ресми дерек бойынша өңірде 545 мың бөкен бар. Бұл төлдеуден бұрынғы санақ. Бірақ киік те, қожалық та көбейді қазір. Бір Бөкей ордасы ауданында 553 қожалық тіркелген.Биыл «Бөкей ордасы» табиғи мемлекеттік резерватын құру туралы шешім қабылданды. Ел аумағындағы 5-ші резерваттың аумағы 650 мың гектар. Алайда іс тоқтап тұр.Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов мәселе әкімдік бақылауында екенін айтты.Естеріңізге сала кетеміз, ақбөкендер санының күрт азайып кетуіне орай, ел аумағында оларды аулауға 2023 жылға дейін тыйым салынған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.