Алматы облысында киік күйіздерін Қытайға заңсыз тасымалдамақ болған қылмыстық топ қолға түсті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Операция 8-шілдеде болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен шекара қызметінің мамандары бірлескен іс-шара барысында жалпы салмағы 700 келі болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді. Қазіргі таңда аталмыш қылмыс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339 бабы 2-тармағы бойынша іс қозғалды.