Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кибер жаттығудың сайлауға қатысы бар ма?

c 10:19, 08/12/2020 c 427

0:00 / 0:00

Қазақстанда кибер жаттығулар өтіп жатыр. Осының салдарынан кешеден бері қазақстандықтар интернетті қоса алмай абдырап қалды.  Мамандар кибер жаттығу мемлекеттік органдарды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бөлімшелерді, ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын, ақпараттандырудың аса маңызды объектілерін тексеру, туындаған қатерлерге қарсы тұру үшін жасалуда дейді. Алайда, қоғамда бұл сайлау алдындағы жасалып отырған жаттығу деген пікір тарауда. Цирлық даму министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, кибер жаттығулардың сайлауға еш қатысы жоқ. Бұл жәй сәйкестік деп ақталды.

Демалыс күндері қазақстандықтар интернетті қоса алмай біраз әбігерге түсті. Тіпті дүйсенбінің таңында жұмыс істей алмай, онлайнда оқып жатқан оқушылар сабақтарына дұрыс қатыса алмай қалды. Алайда, түске қарай интернет жұмысы қалпына келгендей болды. Ал журналистер алдында шыққан цифрлық даму министрілігінің өкілдері бұл кибер жаттығулардың салдарынан орын алды деп отыр. Ақпараттық қауіпсіздікті қамту үшін жүргізілген жаттығулар үшін комитет басшысы кешірім сұрады.

Руслан Әбдіқалықов – ҚР цдиаөм ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы «Шетелдік интернет ресурстарды қолдану кезінде қандай да бір кедергі болғаны үшін азаматтардан кешірім сұраймыз. Жаттығудың демалыс күндері басталу себебі – бұл жұмыс аз болатын күн, азаматтарға келер кедергі де сәйкесінше аз болады. Қазіргі таңда қауіпсіздік сертификатына байланысты барлық шаралар аяқталды».

Алайда, министрліктің бұл кешірімі қоғамды сендіре алмай отырған сияқты. Ақпараттық қауіпсіздік жаттығуларын өткізу алдағы парламенттік сайлаумен тікелей байланысты деген пікір де тарауда. Бірақ министрлік өкілі, бұл қауесетті жоққа шығарып отыр.

Руслан Әбдіқалықов – ҚР цдиаөм ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы «Бұл жоспарлы жаттығу, 2017 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл, сайлаумен тұспа-тұс келген шығар. Біріншіден, пандемия өзгерістер әкелді. Біз әлемдік қауымдастықтан көп дүниені үйреніп, сабақ алдық. Осылайша оқу-жаттығулар жыл соңына дейін созылып кетті. Тиісінше, жыл соңында 10 қаңтарда Қазақстанда сайлау өтетіні белгілі болды. Мен сіздерді сендіргім келеді: біз осы оқу-жаттығуды жоспарлаған кезде сайлаудың нақты датасын білген жоқпыз. Сондықтан сайлаумен еш байланысы жоқ".

Айта кету керек, кибер оқу-жаттығулары жыл соңына дейін жүргізіледі. Нұр-Сұлтан қаласында бастау алған жаттығуды цифрлық даму министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізіп жатыр.

Министрліктің мәліметінше,  пандемия кезінде онлайн жұмыс басталғалы  елдің цифрлық кеңістігіне кибершабуылдар жиілеп кеткен. Интернеттің қазақстандық сегментіндегі кибершабуылдар саны 2,7 есеге өскен. 23 мыңнан астам  материалдың 21 мыңнан астамы - терроризм идеологиясын, діни және этникалық экстремизмді тарату бойынша болса, 731-і порнографияны, қатыгездік пен суицидке табынуды насихаттау, тағы 137-сі есірткі құралдарын насихаттау және тарату  болып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.