Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кеше соққыға жығылған өрт сөндіруші қаза тапты

c 17:52, 01/04/2021 c 777

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстанның Қарауылтөбе ауылындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы белгісіз жағдайда қаза тапты. 26 наурыз күні сағат 08.30 шамасында ол ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табылып, жедел жәрдеммен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. Ер адам ауыр жарақаттан аурухана төсегінде қайтыс болған. Ақан Нұрғалиевтің қазасы оның отбасы үшін шым-шытырық оқиға немесе шешуі жоқ жұмбақ секілді. Сол күні әріптестері өрт сөндіру бөлімінің бастығын түнгі сағат 11-лер шамасында жұмысқа шақырады. Туыстарының айтуынша, куәгерлер оның жұмыс орнының маңында бейтаныс адамдар жүргенін және олардың алкогольдік өнімдерді тұтынғанын байқаған. Ертесіне таңғы сағат 08:30 шамасында ол ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табылған. Туыстары марқұмның денесінің сау-тамдығы қалмай, аяусыз соққыға жығалған дейді. Аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде ес жимай, қаза болған құтқарушының соңында үш баласы жетім қалып отыр.Дәрігерлер өрт сөндіру бөлімінің бастығының 8 қабырғасы сынып, ашық бас-ми жарақатын алғанын анықтаған. Аталмыш оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталған. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей оқиға Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында болды. 25 наурыз күні шамамен сағат 23.00-де 45 жастағы Н. мен 1992 жылғы М-ның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Егер де аталған оқиғаға қатысы барлардың кінәсі толықтай дәлелденсе, айыпты 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.