0:00 / 0:00
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ел халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысының Денсаулық сақтау саласы алдында қойған басты міндеттерінің бірі - жұмыс берушілердің денсаулықты қорғаудағы ынтымақты жауапкершілікті арттыру екені сөзсіз. Осыған орай, еліміздің кез келген азаматы тегін медициналық қызмет түрін алуға құқылы. Жиында тегін медициналық көмектің бүгінгі жағдайы кеңінен айтылды. Айталық, тегін медициналық қызмет Үкімет тапсырмасына сай өзіне босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша медициналық жәрдем көрсету міндетін де қамтып келеді. Босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдарға көкірек қуысын флюорографиялық зерттеп-қарауды, қанды зертеуді жүргізуімен қатар, жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеріс те қызмет түріне жатқызылмақ. Жын аясында емделуші мен медициналық ұйым арасындағы байланыс пен, көмек сапалылығы да сөз болды.