0:00 / 0:00
Қазақстан жыл сайын миллиард доллардан қағылып отыр. Жер асты байлығына кенел отырып, оның көбі толық зерттелмеген. Құрамында сирек металдар бар, әдетте күрделі құрамды қазақстандық рудалар көбінесе бірден бірнеше сирек металдарды біріктіреді. Бастапқы кен орындары жоқ, бірақ сирек металдар көбінесе мыс, темір, хром кендері және бокситпен бірге жүреді.Көптеген елдерде сирек және жер астында сирек кездесетін металдар маңызды рөл атқарады және оларға сұраныс ұдайы артып келеді. Болжам бойынша, әлемде сирек кездесетін металдарға сұраныс 2040 жылға 4 есе артады. Депутат Лукиннің айтуынша, біздің елде сала мамандары осыған аса назар аударуы керек. Өкінішке орай Қазақстанда барланбаған кенорындары қаншама. Ол жерлерде қыруар қаржы жатыр.
АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Қазақстанда 5 мыңнан астам барланбаған кенорындары бар және онда құны 46 трлн доллардан асатын осындай металдардың қомақты қоры жатыр. Осы саланың дамуын жеделдету керек. Сирек кездесетін металдарды өндіру саласын дамыту қажет».
Металдарды өндіруге деген ынта-ықыласына қарамастан технологияны жақсартумен инвестиция тарту қажеттігімен қоса проблемаға тап болып отырғанын атап өтті сенатор. Үкімет бүгінгі таңда алдағы жылдарға арналған саланы дамытудың кешенді жоспарын әзірлеген болатын. Алайда, , оны сәтті жүзеге асыру үшін бірқатар кедергілерді шешу керек.
АНДРЕЙ ЛУКИН – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру процесін оңайлату, кейбір сирек және жер астында сирек кездесетін металдардың тепе-теңдік қорларына қолжетімділікті ашу, инфрақұрылымдық проблемаларды жою, геологиялық барлау жұмысының алаңын ұлғайту, сондай-ақ жаңа технологияны енгізу керек. Елдегі кенорындарының көбі кеңес дәуірінен бері құпия ретінде сақталып келеді».
Сондай-ақ, сенатор геология және тау-кен өнеркәсібі саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мәселесі де ақсап тұрғанын айтады. Бұл орайда салалық кадрлар дайындауды қолға алуды ұсынды үкіметке. Ал инвестиция тарту үшін жетекші тау-кен өндіруші елдермен халықаралық байланы нығайту қажеттігі де туындап отыр. Салаға отандық және шетелдік инвестиция тарту үшін инвестициялық ынталандыру жасап, салықтық жеңілдігін беру керек деген ұсыныс алға тартады сенатор Андрей Лукин.Бүгінде Қытай әлемдегі сирек кездесетін жер өндірісінің 70% бақылайды. Өйткені Қытай электромобиль шығаратын ең ірі ел. Олардың өндірісі гүлдеп тұр. Ал біздің елде тек шикізат бар. Қазір екі қазақстандық компания неміс компаниясымен бірлесіп Шығыс Қазақстандағы литий кен орындарын игеруде. Жалпы сомасы 600 миллион долларды құрайды.