Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кенеден қауіп бар

c 16:28, 13/05/2019 c 893

0:00 / 0:00

Көктем келіп, табиғат аясында демалушылар саны көбеюде. Қоршаған ортада да түрлі жұқпалы аурулар тарататын жәндіктердің белсенділігі артып барады. Солардың бірі – кене. Егер 2018 жылы облыстың 396 тұрғыны кене шағып зардап шегсе, 2019 жылдың басынан бері 87 адам медициналық көмекке жүгінген. БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мамандарының айтуынша, жыл сайын облыста шамамен  400-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінеді. Айта кету керек, жәндіктің шағуы туляремия және конго-қырым геморрагиялық қызбасы сияқты ауруларды жұқтырумен аса қауіпті. Қауіпті жәндіктің шағуынан кене инфекциясына шалдығу қаупі туындайды. Мысалы, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын ауыр инфекциялық кесел - кене энцефалиті адамның мүгедектігіне немесе өліміне апарып соғуы мүмкін. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, ең бастысы – кененің қанды соруына  жол бермеу. Өйткені,  жәндік бірден теріге жабыспайды, сондықтан оны дер кезінде жойып, аурудың алдын алған тиімді. Осы орайда тұрғындар титімдей ғана жәндіктен қауіптенетіндерін жасырмады. Мамандардың сөзінше, сақтық үшін  - табылған кенені зерітханаға тапсырған дұрыс. Онда кене энцефалитін қоздырушының бар-жоғын анықтауға болады. Ал денеңізден қаупті жорғалаушыны көрсеңіз даурықпай дәрігер көмегіне жүгініңіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.