0:00 / 0:00
Келер жылы Қазақстанда 200 теңгелік монета айналымға шығады. Бұл туралы Ұлттық банкінің БҚО Филиалының баспасөз қызметі хабарлайды. Сала мамандары төмен номиналдағы банкноттар 1-1,5 жыл ішінде тозады. Салыстыру үшін, жоғары номиналдағы банкноттар және монеталардың қолданылу мерзімі көбірек. Монеталардың қолданылу мерзімі - 10-15 жыл», - деп атап өтті. Номиналы 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті. Олар табиғи тозуына қарай айналымнан алынатын болады. Жаңашылдық қолма-қол айналымда жүрген ақшаның сапасын қамтамасыз ету мақсатын көздемек.