Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кей мамандықтар жойылып кетуі мүмкін

c 09:44, 28/05/2021 c 627

0:00 / 0:00

10 жыл бұрын алған білім мен дағды 10-15 жыл жұмыс істесе, цифрландыру және жаңа технологиялардың пайда болу дәуірінде дағдылар мен білім тез ескіреді. Автоматтандыру қаупіне жататындар күнделікті іс-әрекеттерді қамтитын кәсіптер болып саналады. Бұл мамандықтар үшін білімнің ескіруі және оның мүлдем жойылып кету қаупі бар.  Мысалы, қоғамдық көліктердегі кондукторларды айтуға болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов Мәжілістегі жиында 2035 жылға қарай қандай мамандықтарға сұраныс жоғалуы мүмкін екендігін айтқан еді.

Заман талабына сай мамандық таңдау керек. Себебі, технология қарқынды дамыған уақытта кей мамандықтар қоғамға қажетсіз болып қалып жатыр. Бүгінде мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған. Сарапшылардың айтуынша,  кондуктор, нотариус, риелтор, күзетші, аудармашы, вахтер, жол патрульдік қызметкерлері сияқты көптеген мамандықтар жойылады.  Осылайша автоматтандыру және технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер, жаңа бизнес-идеялар 2035 жылға қарай жұмыстың 1/3 бөлігін автоматтандыруға әкеледі.  Бұл факт жұмыс орындарының 3/4 бөлігіне әсер етуі мүмкін дейді еңбек вице-министрі. Ал елдегі жұмыссыздық жою, халықты жұмыспен қамту мәселесінде министрліктің статистикасы сәйкеспей отыр дейді депутаттар. Елде жұмыссыз деңгейі 5 пайыздан төемнедемй отыр.

Вице-министр болса, қатып қалған статистикасынан ары аса алмады.

Ал пандемия кезінде жоғары оқу орындарын бітірген университет түлектері үшін жұмысқа тұру қиын болды. Түлектердің 30%-ы оқу бітіргеннен кейін 12 ай ішінде жұмыс таба алмаған. Бұл шамамен 20 мың жас түлекті қамтиды дейді Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілі.Сол себепіт еңбек министрлігі мен кәсіпкерлер палатасы заман талабына сай қажетті мамандыққа қайта оқыту мәселесін қолға алып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.