Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кедейшілік артуда

c 09:49, 13/04/2021 c 390

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 3,2 пайызға өсті. Бұл ретте, өткен жылдың ұқсас кезеңінде бағалар 4,8 пайызға қымбаттады. Ең жоғарғы баға өсімі Жамбыл және Атырау облыстарында орын алуда.  4 пайызға дейін қымбаттаған. Жоғарыда аталған өңірлерде тамақ өнімдерінің қымбаттауына жол берген әкімдердің орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды. Алайда, мұнымен қымбатшылықтың салдарынан кедейшілік күніне жеткен халықтың осал тобында жағдай бірден түзеліп кетеді деп айту қиын.

Қазақстанда ең төмен күнкөріс шегінің көлемі 26440 теңгені құрайды. Өкінішке орай, елде кедейшілік артып отыр. Бұған пандемияның да әсері тиді. Өткен жылы  ең төменгі күн көріс деңгейінен де төмен табыс тауып отырған отбасылардың саны 12 пайызға артты. Бір жылда 140 мыңды құрады. Ал ресми статистика елдегі кедейшілік деңгейін айтарлықтай төмен көрсетіп отыр. 2 миллион қазақстандық кедейшілік шегінде күн көріп отыр. Бұл мәлімет атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіргендер есебінен жасалады. Алайда, БҰҰ-ң стандарты бойынша, күніне 5 доллар ғана жұмсай алатын адамдарды кедейлер қатарына кіргізеді. Олай болса, біздің елде кедейшілік деңгейі бұдан да көп. Оған қоса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы шарықтауда. Бірақ жалақы өсіп жатқан жоқ. Ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы 3,2 пайызға өсті. Бағаның шарықтауы Атырау мен Жамбыл облыстарында  қатты сезіледі. Үкіметтегілер бұл мәселені жергілікті шенеуніктерге қатаң сөгіс жариялау арқылы шешпек.

Үкімет басшысы орынбасарын қолдай кетті.

Алайда, мұнымен қымбатшылықтың салдарынан кедейшілік күніне жеткен халықтың осал тобында жағдай бірден түзеліп кетеді деп айту қиын. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ең төменгі күн көріс деңгейі 2-3 есеге төмендетіліп көрсетілген. Кедейшіліктің басты себебі-жұмыссыздық болып отыр. Аз жалақы азаматтардың күн көрісін қиындатуда. Тапқан-таянғаны күнделікті қант-шайына жетпей отырған халық кедей болмағанда қайтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.