Аға буын өкілдеріне құрмет көрсету - ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Қалалық амфитеатрға жиналған жас та, кәрі де бір-біріне мейірімін төгіп, шын жүректен жылы лебіздерін жеткізді. Егде жастағы жандар орталық арбатта би билеуді дәстүрге айналдырған. Бұл үрдіс 5 жылдан бері жалғасып келеді. Кезекті шарада замандастар қосыла ән шырқап, әуен ырғағына ілесіп, би биледі. «Ақ Отау» жанұя орталығының басшысы Алтынай Есқалиеваның айтуынша, қариялар үшін музыка жанның шипасы іспетті.
АЛТЫНАЙ ЕСҚАЛИЕВА
«АҚ ОТАУ» ЖАНҰЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Елімізде жыл сайын 1 қазанда халықаралық қарттар күні тойланады. Бұл күні аға буын өкілдерінің ұрпақ тәрбиесіндегі және қоғамдағы маңызды орны бағаланады. «Қайырымдылық акциясы мереке алдындағы алғашқы басқосу»,- дейді ұйымдастырушылар. Ал өңір басшысының атынан облыстық мәслихат депутаты Ербол Салықов қарияларды мерекемен құттықтады.
ЕРБОЛ САЛЫҚОВ
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Шараның салтанатты бөлімінде белсенді қарияларға қоғамдық ұйымдар, облыстың азаматтар альянсы атынан марапат және естелік сыйлық табысталды. БҚО және Орал қалалық әкімдігінің құрылымдық басқарма, бөлімдері де қазыналы қарттарға сый-құрметін көрсетті.