Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫНА ҚОЛ САЛҒАН ЭКС-ДЕПУТАТ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

c 16:46, 14/05 c 2

 

Астанада аса ірі мөлшерде ұрлық фактісіне қатысты экс-мəслихат депутаты А.Беленцева мен Д.Мергенбаевқа үкім шықты. Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді. 2020 жылы сотталғандар «Олимп Транс Сервис» ЖШС атынан 23,2 млрд теңгеге Ерейментау ауданында жел электр станциясын салуға шарт жасасқан. Жалған шарттарды рәсімдеу арқылы олар ақшаны серіктес компаниялардың шоттарына аударып, кейіннен қолма-қол ақшаға айналдырған. Нəтижесінде келтірілген залал көлемі 8,5 млрд теңгеден асты. Соттың санкциясымен 13 млрд теңге тұратын мүлікке (зауыт, демалыс базасы, арнайы техника мен көлік құралдары) тыйым салынды. Сот үкімімен Беленцева кінəлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай, Мергенбаевқа 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, сот 8,5 млрд теңге көлеміндегі азаматтық талапты қанағаттандырды. Азаматтық талапты орындау мәселесі қаралғанға дейін мүлікке салынған тыйым сақталады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.