Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазына қаржысы тиімсіз жұмсалуда

c 10:04, 18/06/2021 c 712

0:00 / 0:00

Бүгін сенаторлар 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жайында үкімет мүшелері мен есеп комитетінің есебін тыңдады. Баяндамалар көңіл қоншытпайды. Қаржылық бұзушылықтар, қазына қаржысын тиімсіз жұмсау, басталған жобалардың аяқсыз қалуы, Ұлттық қорға түсетін түсімдердің де дер кезінде жетепй жатқаны айтылды. Есеп комитетінің мәліметінше,

Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құра отыр. 2021 жылдың басынан бері 11 лауазымды тұлға жазаланды.

Сенаторлар 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы жайындағы есепті тыңдап, жағаларын ұстады. Есеп комитеті төрайымының мәлімдеуінше, қысылғанда Ұлттық қорғау қол жайып, шығыстарды өтеп алғанымен, қордың қайтарымына келгенде квазимемлекеттік компаниялар сараңдық танытып отыр. Тек 2020 жылы квазимемлекеттік сектордың 25 субъектісі және олардың активтерінің 16 трлн теңгесі аудитпен қамтылды. 60 жүйелік проблема мен кемшіліктер, 41 млрд теңге қаржылық бұзушылық, 340 млрд теңгеге активтерді тиімсіз басқару анықталды, - дейді Наталья Годунова. Сондай-ақ, қазына қаржысын тиімсіз жұмсау да тыйылар емес. Мұндай қаражаттың көлемі 570 млрд етңгені құрап отыр.

Наталья Годунова – ҚР республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы «Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құрады. Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз. 2021 жылдың басынан бері қаржылық бқзушылықтар үшін 11 шенеунік жазаланды».

Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 33%-ға көп. Не керек қазына қаржысын тиімсіз жұмсау, басталған жобалардың аяқсыз қалуы, Ұлттық қорға түсетін түсімдердің де дер кезінде жетпей жатқаны айтылды. Квазимемлекеттік субъектілерді қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен ауқымды қаржы құйылады. былтырдың өзінде бұл көрсеткіш 817 миллиард теңгеден асқан. Сонымен бірге, қаражаттың айтарлықтай көлемі тиімсіз жұмсалатыны анықталып отыр. Есеп комитеті шамамен 380 миллиард теңгені құрайтын бұзушылықтарды анықтаған. Сенаторлар болса, ұлттық компаниялар қолға алған талай жобалардың іске аспай қалып жатқанын айтады.

Бұл депутаттар келтірген мысалдың бірі ғана. Палата төрағасы Ұлттық қордағы болашақтың қаражатына қол салуды тоқтату керек деді.

Сенаторлар үкіметке бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін тиімсіз шығындарды оңтайландыру және қысқартуды ұсынды. Қазына қаржысын болашағы жоқ жобаларға емес, нақты өндіріс орындарын салуға, инфрақұрылымға, коммуникацияға, бизнесті кредиттеу мен субсидиялауға және тағы басқа инвестициялық мақсаттарға жұмсауға кеңес берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.