Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазына қаржысы мақсатты жұмсалуда

c 12:30, 08/12/2018 c 848

Бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс 21 сессиясы өтті. Сессияда биылғы облысқа бөлінген бюджет қаржысының игерілуі туралы сала мамандары ақпарат беріп, атқарылған жұмыстарды баян етті.Сессияда 12 мәселе қаралды. Соның алғашқысы өңірдің экономкалық- әлеуметтік дамуы жолында атқарылған істер. Облыс әкімі Алтай Көлгінов Елбасының әр жылғы халыққа жолдауында айтылған халықтың әл -аухатын арттыру жолындағы істер екенін атап өтті.
Үстіміздегі жылы облыстық бюджетке жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде 1,8 млд. теңге қарастырылып аталмыш қаражат мақсатты жұмсалған. Мәселен 68 млн теңге мәденит спорт туризим архив және ақпараттық кеңістік салаларына арналса, тұрғын үй коммуаналдық шаруашлығына -263 млн, ауылдық еді мекендерді абаттандыру мен халықты ауыз сумен қамтуға -360 млн, жолдарға -500 млн. ауыл шаруашылығы саласына - 112,3 млн теңге бөлінген.
Бұдан бөлек сессияда мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары мен облыстық клиникалық аурухананың асханасын күрделу жөндеу, сұңкар смарт сити интелектуалды бейнебақылау жүйесі мен кейбір елді мекендердің әкімшілік аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Мәселен Ақпәтер, Талдыбұлақ Жалпақтал, Қараөзен, Қарасуға қарасты тұрғындары азайған елді мекендерді жақын ауыл аймаққа біріктіру туралы ұсынысты Қазталов ауданының әкімі Абат шыныбеков баяндамасында атап өтті.Сонымен қатар тұрғындар қауіпсіздігі мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар мәселлерге өзгерту туралы шешімдер қаралды. Айта кеткен жөн биыл өңірдің дамуы жолында аянбай еңбек еткен 30 адам құрмет гармотосына ие болмақ.

Оператор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.