0:00 / 0:00
Казталов ауданында мал азығын жинау мәселесі күн тәртібінен түспейтін сауал. Шаруалар шабындық жерлерден өзге, суармалы көпжылдық шөпті егуді қолға алды. Жаңашылдық Ақпәтер ауылдық округінде кеңінен қолданылып жүр.
Казталовтық шаруа Самат Хасанов ата кәсіппен айналысады. Мал шаруашылығын дамытып отырған кәсіпкер бірнеше жыл бұрын суармалы судан шөбін егуді қолға алған.Табанды еңбектің арқасында биыл мол өнім алып отыр.
Казталовтық шаруа шөп өсіру үшін Түркиядан "PIVOT" маркалі тамшылатып суару техникасын серіктестік арқылы несиеге сатып алған. Құрылғының жалпы құны -146 млн теңге.
Жаңа технологияның арқасында кәсіпкер шілдеден бастап өскен шөбін шауып алыпты. Енді жерді тынықтырып, келесі маусымға дайындамақ.
Сурет zhaikpress.kz сайтынан жүктелді.